Жылыой ауданы білім бөлімінің ұйымдастыруымен Атырау Облыстық Әдістемелік Орталығының қолдауымен "Тәрбиедегі тәжірибе: тиімділігін арттыру, үйрену, талдау" тақырыбында облыстық семинар өтті.
Семинар жұмысына Атырау облысы білім беру басқармасы әдістемелік орталығының Тұлғаны әлеуметтендіру және психология бөлімінің басшысы Ізтілеуова Зина Керейқызы, Атырау облысы білім беру басқармасы әдістемелік орталығының Тұлғаны әлеуметтендіру және психология бөлімінің әдіскері Шошақова Кәмшат Бекішқызы және аудандық білім бөлімдерінің тәрбие әдіскерлері мен мектеп директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары қатысты.
Бірінші бөлімде "Тарихи тұлғалар тағылымы" жобасы аясында жүзеге асырылған іс-шаралар қатысушылар назарына ұсынылды.
"Жем аруы" халықтық би ансамблінің "Батырлар" биімен басталған іс-шара №1 орта мектеп оқушыларының қатысуымен ұйымдастырылған "Алтын адам" шеруімен жалғасты.
Жобаның "Тарих жаңғырығы" бөлімі бойынша №8 орта мектеп оқушылары ұсынған мюзикл мен балалар хоры қатысушылар көңілінен шықты.
Практикалық бөлімде №2, №6, №9, №17 орта мектептердің тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, №4, №20 орта мектептердің сынып жетекшілері, дебат координаторы Қ.Төлемісов және мектептің өзін-өзі басқару ұйымдарының Президенттері өз тәжірибелерін көрсетті.
Қорытынды бөлімде облыстық тәрбие жобаларының рейтингі шығарылып, Жылыой ауданы жүлделі II орынды иеленді.
Шара соңында "Padlet" виртуалды тақтасы арқылы кері байланыс алынып, семинар жұмысы жоғары дәрежеде бағаланды.
https://zhylyoi-bb.kz/kz/zhanaly-tar/370-2022-zhyly-oblys-k-leminde-zh-zege-asyryl-an-oblysty-t-rbie-zhobalary-zhylyoj-audanynda-orytyndylandy.html#sigFreeIdb1d8aa1421