Жылыой ауданы білім бөлімі әдістемелік кабинетінің жұмыс жоспарына сәйкес білім беру ұйымдарындағы “Өзін - өзі басқару” ұйымының Президенттері арасында “Тәуелсіз ел ұландары” атты интеллектуалды сайыс өтті.

Әр мектептің көшбасшылары 3 топқа бөлініп, топтық сайысқа түссе, байқауды №2 орта мектептің Президенті Отарбаева Гүлбану жүргізді.

Білім бөлімі жанынан құрылған әкелер кеңесінің төрағасы С.Досқалиев, аналар кеңесінің төрайымы А.Нұржанова, №2 орта мектептің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Жұмақшамова және әдістемелік кабинет әдіскерлері байқауға қазылық етті.

4 бөлімнен құралған байқау нәтижесінде “Эврика” тобы 1 - орын, “Number one” тобы 2 - орын, «Jas urpaq» тобы 3 - орынды қанжығасына байлады.