Жылыой ауданы бойынша өткізілген аудандық биология пәнінен Халел Досмұхамедов атындағы олимпиаданың жеңіпазы болып, облысқа қатысқан №9 жалпы орта білім беретін мектептің 11 сынып оқушысы Игілік Құралай облыстық кезеңнен жүлделі І орынға ие боп, Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің білім грантын жеңіп алды.
Сонымен қатар, №1 жалпы орта білім беретін мектеп оқушысы Жолдасова Айсара жүлделі ІІІ орын иегері, ол Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің білім грантының 30%-ына ие. Жүлдегелерді шын жүректен құттықтаймыз. Оқушыларымыз білімімен жоғары биіктерді бағындыра берсін!