Бәріңізге белгілі жыл сайын жоғары сынып оқушыларының арасында негізгі пәндерден пәндік олимпиада өткізіледі. Бүгінде мектепішілік кезең толық өткізіліп, аудандық кезеңді өткізу жоспарланып отыр.
Осы ретте, оқушылардың жұмыстарын қарап, жүлдегерлерді анықтайтын комиссия құрамын жинадым.
Мұндағы мақсат - біреу. Ол - академиялық адалдық.
Академиялық адалдық дегеніміз – әділдік, ашықтық, жауапкершілік, сенім, құрмет қағидаттарына сүйеніп сипатталатын ұғым.
Осы қағидаттарды бұзбай, небір қитұрқы әрекеттерге, айла-шарғыларына бой алдырмай, оқушылардың жұмысын әділ, шынайы бағалап, облыстық кезеңге білімпаз оқушыларды ұсыну қатаң тапсырылды. Егер, аталған кемшіліктер орын алған жағдайда тәртіптік шара қолданылатындығы туралы да ескертілді.