Ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларға арналған "Әлем қандай әдемі" шығармашылық конкурсының аудандық кезеңінің жеңімпаздары облыстық кезеңде бақ сынаған болатын. 

Нәтижесінде  ауданымыздың бірқатар оқушылары жүлделі орын иеленді. Кеше сол  дарынды балаларымызға  Атырау облысы Білім беру басқармасының Таланттарды анықтау және қолдау орталығының  марапаты мен сыйлығын табыстап, тілегімді айттым.
Әлем -  балалармен әдемі! Баланы қуанту - шын бақыт.