Аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен 2021 жылдың 7 сәуір күні физика және информатика пәні мұғалімдері қауымдастығының онлайн семинары болып өтті.  Семинар жұмысына әдістемелік кабинет әдіскері Садуова Нұргүл  Түркешқызы  мен аудандағы 20 мектептің физика және информатика пәні мұғалімдері қатынасты. Семинарды қауымдастық төрайымы Боранбаева Қалима жүргізді. №1 мектептің информатика пәні мұғалімі Ихсанова Фарида қауымдастық мүшелерінің іс-тәжірибесін тарату мақсатында «Менің тәжірибем» атты есеп-альбом таныстырылымын жасады. №19 мектептің физика пәні мұғалімі  Алманова Гүлсім «Қазіргі жас мамандардың өзекті мәселелері» тақырыбында вебинар жұмысымен таныстырды.