Аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен 2021 жылдың 7 сәуір күні Жас техниктер станциясында Ғарышкерлер күніне орай физика пәнінен «Жас өнертапқыштың алғашқы қадамы» атты байқау болып өтті. Байқауға аудан мектептерінің оқушылары қатысты. Облыстық кезеңге екі номинация бойынша екі оқушы жіберілді. Олар №21 мектептің 9 сынып оқушысы Урынбасаров Жанатбек «Роботтық техника: Марсқа жылжымалы ғылыми зертхана құру» және Нұрбол Ернұр «Гидроплан».