"Қазақстан балалары шексіз әлемде!" балалар киносының облыстық фестивалінің аудандық кезеңі  өтті

 

Атырау облысы білім беру басқармасы әдістемелік орталығының 2021 жылғы 17 наурыздағы №30 бұйрығына сәйкес, 2021 жылдың 08 сәуір күні Жылыой ауданы білім бөлімінің әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен "Қазақстан балалары шексіз әлемде!" балалар киносының облыстық фестивалінің аудандық кезеңі онлайн форматта өткізілді. Фестивальдің мақсаты: үздік классикалық және заманауи өнер үлгілерін игеру және орындау, дарынды балалар мен жастарды анықтау және қолдау арқылы білім алушылардың тұлғалық рухани мәдениетін қалыптастыру. Фестивальді өткізу тәртібіне сай білім беру ұйымдары 9 аталым бойынша дайындаған жұмыстарын ұсынды. Байқау жұмыстары келесі бағалау өлшемдері бойынша бағаланды:

- фильмде тарихи, көркем және мәдени мұраны көрсетудің толықтығы;

- тақырыпты ашу тереңдігі, танымдығы, мәдени құрамдастығы;

- өзектілігі, эмоционалдық әсері;

- режисерлік және операторлық өнері, музыкалық сүйемелдеу, сценарийлік жұмыстар жан-жақты сараланып, үздік жұмыстар облыстық кезеңге жолданды.