2021 жылдың 17 наурыз күні №1 жалпы орта білім беретін мектеп базасында бастауыш сынып мұғалімдері қауымдастығының жұмыс жоспарына сәйкес "Сабақ - оқу үдерісін ұйымдастырудың негізгі формасы" тақырыбында семинар өтті.

Оған 25-ке жуық бастауыш сынып мұғалімдері қатысып, өзара тәжірибе алмасты.

Семинардың модераторы №1 орта мектептің мұғалімі Л.Ауданбаева қатысушыларға жұмыс бағдарламасын таныстырды.

№19 мектептің мұғалімі Н.Айтқалиева қазақ тілі пәнінен 4-сыныпта өткізілген "Нәтиже сабақ. Мен не үйрендім?" тақырыбындағы панорамалық сабақ, №1мектептің мұғалімі Т.Қасымғалиева "Сабақ үдерісінде оқу мақсаттарын тиімді жүзеге асыру " тақырыбында шеберлік сыныбын өткізіп, сабақ мақсатын тиімді қоя білу жолдарымен бөлісті. №7 мектептің мұғалімі Ж.Шарғабаева "Мұғалім қызметіндегі рефлексия - табысты оқытудың тиімді құралы" тақырыбында коучинг өткізіп, топтық жұмыс ұйымдастыру арқылы рефлексияның түрлерімен таныстырды.

Семинарды қорытындылау үшін модератор Л.Ауданбаева қатысушылардан кері байланыс алды.

Бұдан бөлек, жиында қауымдастық жетекшісі З.Нұрғанова мұғалімдердің қауымдастықтағы жалпы міндеттері туралы талқылады.

Семинар соңы білім бөлімінің әдіскері Қ.Заманғалиеваның өткізілген іс-шара туралы оң пікірімен аяқталды.