ХИМИЯ ПӘНІНІҢ МҰҒАЛІМДЕРІ ӨЗАРА ТӘЖІРИБЕ АЛМАСТЫ
Жылыой аудандық білім бөлімінің әдістемелік кабинетінің жұмыс жоспарына сәйкес ,,ҰБТ есептерін шығару және қашықтықтан оқыту кезіндегі сабақ жоспары" тақырыбында химия пәнінен семинар-практикум ұйымдастырылды.
Мақсаты: Оқушылардың ҰБТ-ға дайындық сапасын жетілдіру және педагогтардың шығармашылық және кәсіптік белсенділігін дамыту барысында тәжірибе алмасу.
Семинар жұмысына білім бөлімінің бөлім меңгерушісі Г.Таңатарова, әдіскер Б.Нуржанова және білім беру ұйымдарындағы химия пәнінің мұғалімдері қатысты.
№15 С.Карабалин атындағы орта мектептің мұғалімі А.Мұстафина, №1 орта мектептің мұғалімі Б.Қожағұлова, №16 Д.Жазықбаев атындағы орта мектептің мұғалімі Ш.Жұбанышева, №9 орта мектептің мұғалімдері А.Алтыбаева, Г.Палымбетова, №18 М.Сатыбалдиев атындағы орта мектептің мұғалімі Б.Тайланова өз тәжірибелерімен бөлісті.
https://zhylyoi-bb.kz/kz/zhanaly-tar/311-khimiya-p-nini-m-alimderi-zara-t-zhiribe-almasty.html#sigFreeId71ee900415