«АЛТЫН БЕЛГІ», «ҮЗДІК АТТЕСТАТҚА» ҮМІТКЕР 11-СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ АТА-АНАЛАРЫМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

03 наурыз күні ата – аналардың ҰБТ-ге деген көзқарасын анықтап, психологиялық қолдау көрсету мақсатында білім бөлімінің басшысы А.Қакпанбаева «Алтын белгіге», «Үздік аттестатқа» үміткер 11-сынып оқушыларының ата-аналарымен кездесті. Кездесу онлайн форматта Zoom платформасы арқылы жүргізілді.

Жиынға №1, №2, №3, №4, №5, №6, №8, №9, №13, №15, №16, №18, №20, №21, №22 мектептің 24 «Алтын белгіге», 12 «Үздік аттестатқа» үміткер оқушылардың ата-аналары, әдістемелік кабинеттің меңгерушісі А.Қалиева және әдіскер Қ.Заманғалиева қатысты.

Кездесу барысында бөлім басшысы А.Қақпанбаева биылғы жылғы ҰБТ мәселесіне тоқталып, қаңтар айындағы өткізілген ақылы тестілеу сынағының қорытындысына талдау жасады. Сондай-ақ, ата-аналар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.

Ата-аналар балалардың тестілеу сынағына дайындық барысы туралы өз ойларын білдіріп, белсенділік көрсетті.