Бауыржан Момышұлының «Ұшқан ұя» романы бойынша   онлайн оқырмандар конференциясы

2021 жылдың  20 қаңтар  күні  Жылыой ауданы білім бөлімі әдістемелік кабинетінің жұмыс жоспарына сәйкес, №21 жалпы орта білім беретін мектепте  «Ұлтқа мұра - ұрпаққа рух!» жобасы аясында қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, қазақ халқының ардақты да асыл ұлы, Халық қаһарманы, Кеңестер Одағының батыры - Бауыржан Момышұлының «Ұшқан ұя» романы бойынша   онлайн оқырмандар конференциясы ұйымдастырылды.

Конференцияға аудандық «Жігер» әкелер кеңесі, «Сырласу» аналар кеңесі, Бала өкілдігінің мүшесі №23 мектептің 10-оқушысы А.Қуандықова, мектеп кітапханашылары,   педагогтар мен оқушылар  қатысты.

№21 мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері шығармадағы  әрбір кейіпкерге жеке тоқталып, олар өмірдегі шынайы образдар екенін жан-жақты талқыға салса,  іс-шараға қатысушылар Бауыржанның әжесі – Қызтумас бейнесін  талдап, «салт жоралғыны білетін - ел анасы» деген тоқтам жасады.

Оқырмандар ұйымдастырушылар тарапынан қойылған сауалдарға жауап беру арқылы  әңгімедегі басқа да образдар бейнесін,  жан – жақты аша білді.

Шараны қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі А.Қойшыбайқызы қорытындылап, қатысушылар өз ойларымен бөлісті.