2021 жылдың 11 наурыз айында серіктес мектептердің жұмыс жоспарына сәйкес №8 жалпы орта білім беретін мектепте тарих пәнін оқытуда «Диалогтік оқыту» әдісін пайдалана отырып, оқушылардың айтылым дағдысын қалыптастыру тақырыбында семинар өтті. Семинарға онлайн форматта аудандық білім бөлімі әдіскері Садуова Нұргүл және серіктес мектептің мұғалімдері қатысты. Семинарда тарих пәні мұғалімі Каракулова Жанат «ХХ ғасырдың 40-80 жылдардағы әдебиет пен өнердің дамуы» тақырыбында сабақ өткізді. Қазіргі еліміздегі пандемиялық жағдайды ескере отырып, жаңа мүмкіндіктерді пайдалану арқылы инстаграм желісінде тікелей эфир арқылы болды. Сабақты зерттеу тобы Нұрғалиева Айгүл, Тұрғанбекова Жазира, Машырықова Фарида, Абиева Мөлдір, Елтезерова Динара, Қуанышева Ермек сабақ соңында оқушылармен кәсіби сұхбат жүргізді. Зерттеу тобының мүшелері сабақ аяқталған соң кәсіби әңгіме ұйымдастырып, келесі 3-ші кезең сабағына жоспар құрды.