«Таланттарды анықтау және қолдау» орталығының жұмыс жоспарына сәйкес Жылыой ауданы білім бөлімінің ұйымдастыруымен 4, 5, 6 сыныптар арасында математика пәнінен «Алтын сақа» олимпиадасы өтті. Олимпиада 3 кезеңде өткізілді. 28 ақпан күні мектепішілік кезеңі өтті. Олимпиадаға аудан мектептерінен 252 оқушы қатысып, облыстық кезеңге әр сыныптан 3 оқушыдан 9 оқушы жіберілді. 12 наурыз күні болған облыстық олимпиададан 20 мектептің 5 сынып оқушысы Молдажар Дарын 2 орын иеленді. Дарынға ақшалай сыйлық пен мұғаліміне және мектеп директорына марапат берілді.
https://zhylyoi-bb.kz/kz/zhanaly-tar/300-matematika-p-ninen-altyn-sa-a-olimpiadasy-tti.html#sigFreeIdfa4e2b0323