МАТЕМАТИКА ПӘНІ МҰҒАЛІМДЕРІ ӨЗАРА ТӘЖІРИБЕ АЛМАСТЫ Жылыой ауданы білім бөлімі әдістемелік кабинетінің жұмыс жоспарына сай 2021 жылдың 4 наурыз күні " Оқушылардың білім сапасын көтеру және оны шешу жолдары" тақырыбында математика пәнінен семинар-практикум болып өтті. Мақсаты: пән бойынша ғылыми-әдістемелік зерттеулер жүргізу, оның нәтижесін талдау, методикалық жұмыстарды дамыту. Семинар жұмысына білім бөлімінің бөлім меңгерушісі Г. Таңатарова мен әдіскер Н. Садуова және аудандағы математка пәні мұғалімдері қатысты. Семинарда N3 орта мектептің мұғалімі Сарсенова Ұлмекен "Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту" тақырыбында, N6 орта мектептің мұғалімі Искакова Сәндігүл "Обновленная программа-новые требования" тақырыбында, N8 орта мектептің мұғалімі Нұрғалиева Айгүл "Олимпиадаға дайындық жұмыстарын жүргізу тәжірибем" тақырыбында өз тәжірибелерімен бөлісті.