Халқымызда “Білекті – бірді, білімді – мыңды жығады” деген ұлағатты сөз бар. Білімнің шындығында да баға жетпес үлкен рухани қару екендігі, тек рухани қару ғана емес, сонымен қатар аса зор өндіргіш күш екендігі белгілі.
Мектепке дейінгі мекеме балаларына үздіксіз тәрбие мен білім беру келешек ұрпақтың еркін дамуына, жан-жақты білім алуына, белсенді, шығармашыл болуына тікелей әсер ететін балабақша мен тәрбиешілері. Осыған орай «Әйгерім» бөбекжай-бақшасында «Білімді – мыңды жығады» танымдық сайысы өтті. Сайысқа ортаңғы «Балбөбек» тобының балалары қатысты. Сайыс барысында Білгішгүл мен Дымбілмес қонаққа келді. Балалардың көғілін көтеріп ойындар ойнады.
Ел болашағы – білімді ұрпақ. Расында, бүгінгі жас – ертеңгі елдің тірегі, келешектін келбет емес пе? Сол себепті олардың білімді, алғыр, бәсекеге қабілетті болып өсуі ел дамуындағы аса маңызды фактор болып табылады.
Балабақша әдіскері: Аяпбергенова Ж.А.