Адамның қарым-қатынасы оның көңіл-күйіне байланысты. Көңіл-күй – адамның ішкі дүниесінің құбылысы, көңіл-күй – адамның айнасы. Адамдармен қарым-қатынас жасау шеберлігі адамның ішкі мәдениетіне, біліміне, тәрбиесіне байланысты болады. Жағымды эмоцияларды сезіндіру, өздерін сергек сезінуге жағдай жасау мақсатында «Әйгерім» бөбекжай-бақшасында «Жақсы көңіл күй жан қуанышы» атты ата-аналарға арналған тренинг өтті. Тренинг барысында түрлі жағымды, жағымсыз қасиеттерін анықтайтын тренингтер мен қиялға ерік беретін ойындар мен ашуға бейімділікті анықтауға арналған «Кактус» суретті тесті жүргізілді. «Базар» ойыны кезінде қатысушылар өздерінің жағымсыз қасиеттерін сатып, орнына жағымды қасиеттер сатып алды. Ойындар өте көңілді өтті. Қатысушы ата-аналар керемет көғңл күймен тарасты.
Балабақша психологы Аяпбергенова Ж.А.