Желтоқсан айында №7 Е.Халықов атындағы жалпы орта білім беретін мектеп базасында жалпы білім беретін пәндер бойынша  Республикалық олимпиаданың ІІ (аудандық)  кезеңі  өткізілді. 

 

Оған 13 пәннен  682 оқушы қатысып, өз білімдері бойынша бақ сынады. Материал оқу бағдарламасы бойынша берілген. Нәтижесінде 255 оқушы жүлдегер атанды. Жүлделі І орынды  -  45, ІІ орынды - 86, ІІІ орынды  - 245 оқушы иеленіп, білім бөлімінің дипломдарымен және заттай сыйлығымен марапатталды. 

 

Қаңтар айының 4 - 5 - інде Атырау қаласында өткізілген Республикалық олимпиаданың ІІІ(облыстық) кезеңіне 37 оқушы жолдама алып, қатысты.  Екі күнге созылған білім додасында орыс тілі, ағылшын тілі, Қазақстан тарихы, құқық негіздері, қазақ тілі, биология, география пәндерінен  жақсы нәтиже көрсеткен оқушылар болды. Олимпиада қорытындысы бойынша жүлдегерлер анықталып, білім  беру басқармасының І,ІІ,ІІІ дәрежелі дипломдарымен марапатталды.

 

 І орынды – 2 оқушы иеленді. Олар Қазақстан тарихы пәнінен №4 орта мектептің 11 сынып оқушысы Аманғалиева Фатима,  құқық негіздері пәнінен 9 сынып оқушысы Марат Диляра. ІІ орынға – 6 оқушы ие. Олар қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен №10 орта мектептің 10 сынып оқушысы Рыспаева Гүлбағыт, №7 Е.Халықов атындағы орта мектептің 11 сынып оқушысы Әлімова Лаззат,  Қазақстан тарихы пәнінен №22 орта мектептің 10 сынып оқушысы Тапаев Айболат, мемлекеттік тіл пәнінен  №2 орта мектептің 9 сынып оқушысы Гарифова Альфия,  №16Д.Жазықбаев атындағы орта мектептің 11 сынып оқушысы Төлегенова Гүлхумар, география пәнінен №3 орта мектептің 9 сынып оқушысы Қанатқызы Аяулым.  ІІІ орынға  - 6 оқушы ие. Олар мемлекеттік тілінен №18М.Сатыбалдиев атындағы жалпы орта білім беретін мектептің 10 сынып оқушысы Ахмед Малика, биология пәнінен №13 орта мектептің 9 сынып оқушысы Маумен Қарақат, орыс сыныбындағы орыс тілі мен әдебиеті пәнінен №18М.Сатыбалдиев атындағы жалпы орта білім беретін мектептің 9 сынып оқушысы Аманғалиева Назерке, №9 орта мектептің 10 сынып оқушысы Жанғалиева Гаухар, ағылшын тілі пәнінен №19 орта мектептің 9 сынып оқушысы Расул Альбина, география пәнінен №9 орта мектептің 11 сынып оқушысы байтаңат Диас. 

 

Білімге деген ынтасы үшін №6 орта мектептің 11 сынып оқушысы Сабырова Ризанна( орыс тілі мен әдебиеті), №1 орта мектептің 11 сынып оқушысы Штаконова Малика( орыс тілі мен әдебиеті), №8 орта мектептің 10 сынып оқушысы Бектұрғанова Перизат(химия) облыстық білім беру басқармасының «Алғыс хатымен» марапатталды.

 

Жылыой ауданы жалпы білім беретін пәндерден Республикалық олимпиаданың ІІІ кезеңінің қорытындысы бойынша жалпы командалық есепте жеңіске жеткені үшін ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.

 

Республикалық олимпиаданың IV кезеңіне аудан 3 оқушы жолдама алды. Олар  мемлекеттік тілден №16Д.Жазықбаев атындағы орта мектептің 11 сынып оқушысы Төлегенова Гүлхумар, Қазақстан тарихы пәнінен №4 орта мектептің 11 сынып оқушысы Аманғалиева Фатима, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен №7 Е.Халықов атындағы орта мектептің 11 сынып оқушысы Әлімова Лаззат. Оқушыларға алдағы білім додасынан нәтижелі шығуларына сәттілік тілеймін. 

 

Калиева Айымгүл Сәрсембайқызы - Жылыой ауданы білім бөлімінің әдістемелік кабинет меңгерушісі