Жылыой ауданы білім бөлімі әр оқу жылы сайын «Жалпы орта білім беретін мектептердегі аз қамтылған отбасы балаларына берілетін ыссы тамақпен қамтудың сапалы ұйымдастырылуы туралы» мәселені өндірістік жоспарға енгізіп, бөлім кеңесінде күн тәртібіне қойып, мәселе етіп қарастырады.

Білім бөлімінің 2022 жылғы 6 желтоқсандағы «Тамақтану сапасына мониторинг жүргізу туралы» №167 бұйрығы шықты.                                                              

ҚР Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы №598 бұйрығы бойынша тиісті құжаттарды жасау және орта білім беру ұйымдарындағы тамақтандыру мәселесін қатаң бақылауға алу мақсатында

тамақтану сапасына мониторинг жүргізу үшін зерделеу комиссиясының құрамы бекітілді.

2022-2023 оқу жылы басында оқушылардың ыстық тамақпен қамтылуын ұйымдастыру туралы мектептерде бұйрық шығарылған.

Аз қамтылған отбасынан шыққан оқушылардың тізімі жинақталып, бекітілген. 

Мектеп директорларының бұйрығы мектептердің ресми сайтында орналастырылған.

Мектеп оқушыларын ыстық тамақпен қамтамасыз ету үшін облыстық білім басқармасының бекітуімен жасалған 2 апталық ас мәзірінің негізінде жасалған мектеп директорларыы бекіткен 2 апталық  ас мәзірі ілінген.  

Асханада оқушылардың тамақтану кестесі  жасақталған. Тамақтану нормасы мен санитарлық талаптар сақталған.

Асханада тез бұзылатын тағамдардың сертификаттарын тексеру, жарамдылығын үнемі қадағалап отыру үшін мектеп басшыларының «Бракераждық комиссия құру туралы» бұйрығы шығарылып,  тағамдардың  сапасы қадағаланып, хаттамаланған.

Шығарылған бұйрықтар, бракераж комиссиясының және мониторингтік комиссияның тамақтандыру сапасына жасалған  акт қорытындысы, хаттамасы мектептің ресми сайтында орналастырылған. 

 

Атауы Жүктеу
1   2 недельное меню питания
2 2 апталық ас мәзірі
3 167 бұйрық