"Қызғалдақ " ясли бақшасы  мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының тәрбиешісі

     «Атырау облысы Жылыой  ауданы  Құлсары қаласы аудандық маңызы бар  әкімінің аппараты»  мен «Қызғаладақ»  ясли бақшасы  арасындағы кадрлық саясатта меритократия қағидаларын бекіту жөніндегі  негіздемелік келісіміне сәйкес"Қызғалдақ" ясли бақшасы   мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны қазақ тілі маманы қызметіне конкурс жариялайды:

  Конкурс өткізу мерзімі  "Қызғалдақ" ясли бақшасы  мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорныныосы хабарландыру жарияланғаннан кейін 15 күн өткен соң белгілейді.

     Конкурс өткізілетін орны: инд  E19BOD7  Атырау облысы, Жылыой  ауданы, Қ.Қашаған №22, "Қызғалдақ " ясли бақшасы  мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны.

      Мекеменің мекен-жайы: Атырау облысы, Жылыой  ауданы, Құлсары қаласы,Қ.Қашаған №22,қазақ тілі маманы  лауазымына үміткерлерге қойылатын негізгі талаптар:

Лауазымдық міндеттері: қазақ тілі мұғалімі балалардың оқуын Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының талаптарына сай, оқытылатын тіл ерекшелігін ескере отырып жоспарлайды және ұйымдастырады.

Балалармен ұйымдастырылған оқу қызметін өткізіп, олардың мемлекеттік  тілді меңгеруіне барлық жағдайды жасайды. Мектеп жасына дейінгі балалардың бойында тіл мәдениетін қалыптастырып, тілге деген қызығушылығын оятып, жеке қасиеттерінің дамуына әсер етеді. Оқытудың түрлі тәсілдері мен нысандарын, әдістерін жүйелі түрде қолданады, инновациялық технологияларды пайдалана біледі. Жоспарлау барысында ғылыми-әдістемелік тұрғыдан қарап, бағдарламалық материалдарды жас ерекшелігіне қарай қолайлы етіп өзгерте біледі. Авторлық және баламалы бағдарламаларды, әдістемелік нұсқаулықтарды өңірлік ерекшеліктерді ескере отырып өңдей біледі. Компьютердіжақсыбіледіжәнеақпараттықкоммуникциянымеңгерген.

Балалардыңұйымдабілімалуынажәнетүрлііс-шаралардабелсенділігінтанытады, өзініңкәсібиқұзыретінжүйелітүрдежоғарылатады. Тәрбиеленушілердіңата-аналарыменқарым-қатынастаболады. Ұйымдастырылғаноқуқызметібарысындабалалардыңденсаулығы мен өмірінежауапкершіл танытады:.                                                                              

Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Неке және отбасы туралы» Заңдарын және басқа білім беру мәселелері жөніндегі нормативтік құқықтық актілерін; мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын; педагогика, психология, жас ерекшелік физиологиясы мен гигиенасының негіздерін; тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесін; еңбек туралы заңнамалар негізін, еңбекті қорғау ережелері мен нормаларын, қауіпсіздік техникасы мен өрт қауіпсіздігі техникасын.

    Біліктілікке қойылатын талаптар:жоғары педагогикалық, техникалық және кәсіптік «Қазақ тілі және әдебиеті» мамандығы бойынша білімі.

        Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлға конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген мерзімдерде комиссияға мынандай құжаттарды ұсынуы тиіс:

  1. Конкурсқа қатысу туралы өтініш;
  2. Мемлекеттік және орыс тілдерінде түйіндеме;
  3. Еркін нысанда жазылған өмірбаян;
  4. Білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
  5. Еңбек кітапшасының (ол болған кезде) немесе еңбек шартының көшірмесі не соңғы жұмыс орнынан жұмысқа қабылданғаны және еңбек шартының тоқтатылғаны туралы бұйрықтардың көшірмелері;
  6. Денсаулығы жөніндегі анықтама /086/У нысанында;
  7. Жеке куәлігінің немесе паспорттың көшірмесі;
  8. Уәкілетті органнан белгіленген тәртіппен соттылығы туралы анықтама.

Ұсынылған құжаттардың көшірмесі нотариалды куәландырылған болуы тиіс.

Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс өтіліне, кәсіби даярлық деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми жарияланымдар туралы құжаттардың көшірмелері, сондай-ақ бұрынғы жұмыс орнынан ұсынымдар) бере алады.

Конкурсқа мынадай тұлғалар қатыса алмайды:

  1. 18 жасқа толмаған;
  2. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығы барлар.

Конкурсқа қатысу туралы өтініштерді беру мерзімі:

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғалардың құжаттарын қабылдау бұқаралық ақпарат құралдарында конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап күнтізбелік он бес күн өткеннен кейін аяқталады.

Құжаттар мына мекен-жайға жіберілуі тиіс : инд E19BOD: Атырау облысы, Жылыой  ауданы, Құлсары қаласы, К.Қашаған № 22