"Анашым " бөбекжай- бақшасы коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының тәрбиешісі.

 

«Жылыой ауданы білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі мен «Жылыой ауданы білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің  КМҚК  «Анашым»  ясли бақшасы  арасындағы кадрлық саясатта меритократия қағидаларын бекіту жөніндегі  негіздемелік келісіміне сәйкес"Анашым" ясли бақшасы   мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны тәрбиеші  қызметіне конкурс жариялайды:

 

Қажетті  тәрбиеші саны:  3  ( 3- қазақ тілді топтарға ).

      

Конкурс өткізу мерзімі  "Анашым" бөбекжай- бақшасы  мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорныныосы хабарландыру жарияланғаннан кейін 15 күн өткен соң белгілейді.

    

Конкурс өткізілетін орны: инд E10A1Y5 Атырау облысы, Жылыой  ауданы,  М.Таңқыбаева к №164  "Анашым " бөбекжай- бақшасы  мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны.

     

Мекеменің мекен-жайы: Атырау облысы, Жылыой  ауданы, Құлсары қаласы, М.Таңқыбаев к 164

  

Тәрбиешісі  лауазымына үміткерлерге қойылатын негізгі талаптар:

 

Лауазымдық міндеттері: Тәрбиеленушілердің (білім алушылардың) отбасылық жай-күйін зерделейді және баспаналық-тұрмыстық жағдайын, жеке қабілеттілігін, балалардың қызығушылығы мен баланың жеке тұлға болып қалыптасуын психологтардың нұсқаулары бойынша (топтық және жекелей) дамыту-түзету жұмыстарын жоспарлайды және ұйымдастырады. Әлеуметтік-психологиялық оңалту, әлеуметтік және еңбекке бейімделу жағдайларын жасау үшін күнделікті жұмыстар жасайды.Білім алушылардың (тәрбиеленушілердің) күн тәртібінің, үй тапсырмаларының орындалуын, қоғамдық пайдалы еңбекке қатысуын ұйымдастырады. Қосымша білім алуда және демалысты ұйымдастыруда, оқытуда көмек көрсетеді, оларды қызығушылықтары бойынша біріктіретін көркем және ғылыми-техникалық шығармашылыққа, спорт секцияларына, үйірмелерге тартады. Сабақтан тыс уақытта білім алушылармен (тәрбиеленушілермен) тәрбие жұмыстарын жүргізеді.Тәрбиеленушілердің (білім алушылардың) жас ерекшелігін ескере отырып, өзіне-өзі қызмет көрсету, жеке гигиена ережелерін сақтау жөнінде жұмысты ұйымдастырады.Медицина қызметкерлермен оқушылардың (тәрбиеленушілердің) денсаулығын жақсарту мен сақтауды қамтамасыз етеді, олардың психофизикалық жетілуін  қалыптастыратын іс-шаралар ұйымдастырады, балалардың оқу беру ұйымында сабақтан тыс уақыттағы өмірі мен денсаулығына жауапкершілік артады. Дәрігер келгенге дейінгі алғашқы медициналық көмекті көрсетеді. Ата-аналарымен және тәрбиеленушілердің (білім алушылардың) басқа да заңды өкілдерімен қарым-қатынаста болады.Топтарға бөлінген мүліктердің, әдістемелік әдебиеттердің, құралдардың сақталуын қамтамасыз етеді, мүліктердің, оқу құрал-жабдықтары мен ойыншықтардың есебін жүргізеді. Тәрбиешінің көмекшісінің жұмысын басқарады.Білім беру ұйымының аға тәрбиешісінің лауазымдық міндеттері: Тәрбиешілерге әдістемелік көмек көрсетеді, озық педагогикалық тәжірибелерді жалпылауға, тәрбиешілердің біліктілігін арттыруға және олардың бастамаларын дамытуға ықпал етеді. Білім беру ұйымының кеңесімен және балалар ұйымдарымен тығыз байланыста бола отырып, тәрбиеленушілермен (білім алушылармен) жалпы-мәдени жұмыстар жүргізеді.
Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Неке және отбасы туралы» Заңдарын және басқа білім беру мәселелері жөніндегі нормативтік құқықтық актілерін; мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын; педагогика, психология, жас ерекшелік физиологиясы мен гигиенасының негіздерін; тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесін; еңбек туралы заңнамалар негізін, еңбекті қорғау ережелері мен нормаларын, қауіпсіздік техникасы мен өрт қауіпсіздігі техникасын.
 Біліктілікке қойылатын талаптар: тиісті педагогикалық мамандығы бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту,  техникалық және кәсіптік ( жоғары, арнаулы орта, кәсіптік орта) білім.

        Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлға конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген мерзімдерде комиссияға мынандай құжаттарды ұсынуы тиіс:

  1. Конкурсқа қатысу туралы өтініш;
  2. Мемлекеттік және орыс тілдерінде түйіндеме;
  3. Еркін нысанда жазылған өмірбаян;
  4. Білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
  5. Еңбек кітапшасының (ол болған кезде) немесе еңбек шартының көшірмесі не соңғы жұмыс орнынан жұмысқа қабылданғаны және еңбек шартының тоқтатылғаны туралы бұйрықтардың көшірмелері;
  6. Денсаулығы жөніндегі анықтама /086/У нысанында;
  7. Жеке куәлігінің немесе паспорттың көшірмесі;
  8. Уәкілетті органнан белгіленген тәртіппен соттылығы туралы анықтама.

Ұсынылған құжаттардың көшірмесі нотариалды куәландырылған болуы тиіс.

Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс өтіліне, кәсіби даярлық деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми жарияланымдар туралы құжаттардың көшірмелері, сондай-ақ бұрынғы жұмыс орнынан ұсынымдар) бере алады.

Конкурсқа мынадай тұлғалар қатыса алмайды:

  1. 18 жасқа толмаған;
  2. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығы барлар.

Конкурсқа қатысу туралы өтініштерді беру мерзімі:

 

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғалардың құжаттарын қабылдау бұқаралық ақпарат құралдарында конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап күнтізбелік он бес күн өткеннен кейін аяқталады.

 

Құжаттар мына мекен-жайға жіберілуі тиіс : инд   E10A1Y5: Атырау облысы, Жылыой  ауданы, Құлсары қаласы, М.Таңқыбаев к №164

 


"Анашым " бөбекжай- бақшасы  коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының орыс тілі маманы.

 

«Жылыой ауданы білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі мен «Жылыой ауданы білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің  коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны   «Балапан»  ясли бақшасы  арасындағы кадрлық саясатта меритократия қағидаларын бекіту жөніндегі  негіздемелік келісіміне сәйкес"Анашым" бөбекжай- бақшасы   мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны орыс тілі маманы  қызметіне конкурс жариялайды:

      

Конкурс өткізу мерзімі  "Анашым" бөбекжай  бақшасы  коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорныныосы хабарландыру жарияланғаннан кейін 15 күн өткен соң белгілейді.

    

Конкурс өткізілетін орны: инд     E10A1Y5      Атырау облысы, Жылыой  ауданы,  М.Таңқыбаев к №164 "Анашым  " бөбекжай - бақшасыкоммуналдық  мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.

     

Мекеменің мекен-жайы: Атырау облысы, Жылыой  ауданы, Құлсары қаласы, Махамбет даңғылы №30.

  

Орыс тілі маманы   лауазымына үміткерлерге қойылатын негізгі талаптар:Лауазымдық міндеттері: Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкес оқытатын пән ерекшелігін ескере отырып оқыту мен тәрбиелеуді жүзеге асырады. Білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жеке қабілеттерін ашуға және дамытуға, тұлғаның әлеметтенуі мен жалпы мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді. Оқытудың әр түрлі нысандарын, тәсілдерін, әдістерін қолданады. Пәннің күнделікті сабақ жоспарларын құрады. Оқыту процесіне инновациялық, ақпараттық технологияларды ендіруді қамтамасыз етеді. Білім алушылар мен тәрбиеленушілерді мемлекеттік білім беру стандартында қарастырылған білім, білік және дағдылармен қамтамасыз етеді. Білім беру бағдарламаларын әзірлеуге және дайындауға қатысады, оны оқу жоспары мен оқу үрдісі кестесіне сәйкес іске асырылуын қамтамасыз етеді.


Әдістемелік бірлестіктердің және әдістемелік басқа да іс-шараларға қатысады. Кәсіби біліктілігін жүйелі арттыруды жүзеге асырады. Білім алушылардың, тәрбиеленушілердің жеке қабілеттерін, мүдделері мен икемділіктерін, олардың отбасылық, тұрмыстық жағдайларын зерделейді. Әлеуметтік (түзету) білім беретін мекемелерде оқытылатын пәннің ерекшелігін ескере отырып, білім алушылар мен тәрбиеленушілердің дамуындағы ауытқуларды барынша түзетуге бағытталған оқыту мен тәрбиелеу жөніндегі жұмысты жүзеге асырады.Кәсіби біліктілігін жүйелі арттырады. Әдістемелік бірлестіктердің және әдістемелік басқа да іс-шараларға қатысады. Білім беру процесі кезеңінде білім алушылардың өмірі мен денсаулығының сақталуын қамтамасыз етеді.


Ата-аналармен, немесе оларды алмастырушылармен байланыс жасайды. Сабаққа қатысу, оқыту тәртібін сақтайды. Құрал-жабдықтарды пайдалануда қауіпсіздік техникасы ережелерін сақтайды. Оқыту үрдісінде балалардың денсаулығы мен өмірлерін сақтау үшін қажетті жағдай жасайды. Іс-әрекетті есепке алуды және қажетті дайындықты қамтамасыз етеді.
 

Білуге міндетті: Қазақстан Республикасы Конституциясы, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы», «Қазақстан Республикасындағы бала құқығы туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Неке және отбасы туралы», «Қазақстан Республикасында мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы», «Арнайы әлеуметтік қызмет туралы», «Мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік және медико-педагогикалық түзеуді қолдау», «Кәмелетке толмағандардың арасында тәртіп бұзудың және қараусыз қалмауының алдын алу» заңдарын және басқа да білім беруді дамытудың бағыттары мен келешегін айқындайтын нормативтік құқықтық актілерді; пәннің жүргізу әдістемесін, тәрбие жұмыстарының; пән кабинеттері мен қосалқы орындарды құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету талаптарын; оқыту тәсілдері мен оның дидактикалық мүмкіндіктерін; педагогика ғылымы мен білім берудің негізгі дамуының бағыттары мен болашағын; еңбекті ғылыми ұйымдастыру мен құқық негіздерін; педагогика мен психология негіздерін; мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын; басқа да білім берудің, педагогиканың, психологияны, педагогика ғылымы мен тәжірибелерін; еңбек туралы заңнама, қаржылық-шаруашылық әрекеттерінің негіздерін; еңбекті қорғау, өрттен сақтану мен қауіпсіздік техникасы нормалары мен ережелерін; санитарлық нормалар мен ережелерін анықтайтын басқа да құқықтық нормативтік актілерді.



Біліктілікке қойылатын талаптар:тиісті педагогикалық мамандығы бойынша орыс тілі және әдебиеті пәні мұғалімі,  техникалық және кәсіптік ( жоғары, арнаулы орта, кәсіптік орта) білім.

        Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлға конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген мерзімдерде комиссияға мынандай құжаттарды ұсынуы тиіс:

  1. Конкурсқа қатысу туралы өтініш;
  2. Мемлекеттік және орыс тілдерінде түйіндеме;
  3. Еркін нысанда жазылған өмірбаян;
  4. Білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
  5. Еңбек кітапшасының (ол болған кезде) немесе еңбек шартының көшірмесі не соңғы жұмыс орнынан жұмысқа қабылданғаны және еңбек шартының тоқтатылғаны туралы бұйрықтардың көшірмелері;
  6. Денсаулығы жөніндегі анықтама /086/У нысанында;
  7. Жеке куәлігінің немесе паспорттың көшірмесі;
  8. Уәкілетті органнан белгіленген тәртіппен соттылығы туралы анықтама.

Ұсынылған құжаттардың көшірмесі нотариалды куәландырылған болуы тиіс.

 

Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс өтіліне, кәсіби даярлық деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми жарияланымдар туралы құжаттардың көшірмелері, сондай-ақ бұрынғы жұмыс орнынан ұсынымдар) бере алады.

 

Конкурсқа мынадай тұлғалар қатыса алмайды:

  1. 18 жасқа толмаған;
  2. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығы барлар.

Конкурсқа қатысу туралы өтініштерді беру мерзімі:

 

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғалардың құжаттарын қабылдау бұқаралық ақпарат құралдарында конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап күнтізбелік он бес күн өткеннен кейін аяқталады.

 

Құжаттар мына мекен-жайға жіберілуі тиіс : инд   E10A1Y5: Атырау облысы, Жылыой  ауданы, Құлсары қаласы, М.Таңқыбаев К №164