«Жылыой  ауданы   білім бөлім» мемлекеттік мекемесінің КМҚК  «Аққайың»  бөбекжай - бақшасы  арасындағы кадрлық саясатта меритократия қағидаларын бекіту жөніндегі  негіздемелік келісіміне сәйкес "Аққайың" бөбекжай-бақшасы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны «Мектепке дейінгі оқыту жәнетәрбиелеу ұйымының тәрбиешісі» қызметіне конкурс жариялайды:

 

Қажетті тәрбиеші саны:1

 

Конкурс өткізу мерзімі: «Аққайың» бөбекжай-бақшасы  мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны осы хабарландыру жарияланғаннан кейін 15 күн өткен соң белгілейді.

 

Конкурс өткізілетін орны:Атырау облысы, Жылыой ауданы,«Аққайың» бөбекжай-бақшасы  мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны.

 

Мекеменің мекен-жайы: инд 060100 Атырау облысы, Жылыой  ауданы, Құлсары қаласы, Ж.Таңқыбаев көшесі, ғимарат 33

 

«Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымының тәрбиешісі»    лауазымына үміткерлерге қойылатын негізгі талаптар:

Балалардың денсаулығын сақтау мен қорғау қызметін қамтамасыз етеді. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік  жалпыға міндетті  стандартының талабына, жас ерекшелік топтарының үлгілік оқыту жоспары  бойынша  оқу қызметінің кестесіне сәйкес  педагогикалық  процесті жүзеге асырады, пәндік–дамытушылық  ортаны қалыптастырады , балалардың шығармашылығына  (ойындық, танымдық, қозғалыс, көркемөнер, еңбекке баулу  және т.б) жетекшілік етеді.

Балалармен  жұмыс істеу кезінде  жекелей және бағыттық жағына қарайды. Дамуында  ауытқу байқалатын балалармен  түзеу қызметі саласында  еңбек ететін  мамандармен бірлесе жұмыс жасайды; жалпы білім беретін  оқу бағдарламаларын  , оқу –әдістемелік  әдебиеттерді зерделеу  негізінде  және топтағы  балалардың жеке талаптарын  ескере отырып тәрбие –білім беру  жұмыстарын жоспарлайды. Тәрбиелеу мен оқыту қызметінде қол жеткен жетістіктерді қорытындылай отырып жоспарлайды .Мүмкіндігі шектеулі балалармен  қалыпты жағдайда  дамып келе жатқан  балалардың мектеп жасына жеткенде мүмкіндіктерінің тең дәрежеде  болуын қамтамасыз ету үшін бірге тәрбиелеу  және оқыту арқылы оларды әлеуметтендіруді жүзеге асырады. Мамандардың ұсынымдарын ескере отырып  , мүмкіндігі шектеулі әрбір баламен  жеке жұмыс жүргізеді.

Тәрбиелеудің инновациялық технологиясын және оқытудың отандық және шет елдік  ғылыми -зерттеу  жұмыстарының, авторлық шығармалардың  негізінде педагогикалық  қызметтің жаңа бағыттарын зерделеумен және оны жұмыс барысында  қолданумен шұғылданады.

Ата –аналардың мектепке дейінгі  бала тәрбиесі мен  оқыту барысында  туындаған  сұрақтарына  жауап беріп, көмек көрсетеді.Балалардың құқықтары мен қызығушылықтарын қорғайды. Компьютерлік  сауаттылықты және  ақпараттық–коммуникациялық құзіреттілікті жақсы меңгереді.

 

Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Қазақстан Республикасының тілдер туралы», «Жемқорлыққа қарсы күрес туралы» заңдарын  және басқа да нормативтік құқықтық актілерін, білім беруді  дамытудың  бағыттар мен  келешегін айқындайтын  нормативтік  құықтық актілерді, жеке санитария мен гигиенаны, жеке ерекшеліктер  психологиясы мен педагогика негіздерін, мектепке дейінгі білім беру  мәселелері бойынша  әдістемелік құжаттарды, алғашқы медициналық көмек көрсетудің ережелерін, еңбекті қорғаудың және қауіпсіздік  техникасын, санитариялық ережелерді.

 

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлға конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген мерзімдерде комиссияға мынандай құжаттарды ұсынуы тиіс:

  1. Конкурсқа қатысу туралы өтініш;
  2. Мемлекеттік және орыс тілдерінде түйіндеме;
  3. Еркін нысанда жазылған өмірбаян;
  4. Білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
  5. Еңбек кітапшасының (ол болған кезде) немесе еңбек шартының көшірмесі не соңғы жұмыс орнынан жұмысқа қабылданғаны және еңбек шартының тоқтатылғаны туралы бұйрықтардың көшірмелері;
  6. Денсаулығы жөніндегі анықтама /086/У нысанында;
  7. Жеке куәлігінің немесе паспорттың көшірмесі;
  8. Уәкілетті органнан белгіленген тәртіппен соттылығы туралы анықтама.

Ұсынылған құжаттардың көшірмесі нотариалды куәландырылған болуы тиіс.

Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс өтіліне, кәсіби даярлық деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми жарияланымдар туралы құжаттардың көшірмелері, сондай-ақ бұрынғы жұмыс орнынан ұсынымдар) бере алады.

Конкурсқа мынадай тұлғалар қатыса алмайды:

  1. 18 жасқа толмаған;
  2. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығы барлар.

 

Конкурсқа қатысу туралы өтініштерді беру мерзімі:

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғалардың құжаттарын қабылдау бұқаралық ақпарат құралдарында конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап күнтізбелік он бес күн өткеннен кейін аяқталады.

 

Құжаттар мына мекен-жайға жіберілуі тиіс : инд 060100 Атырау облысы, Жылыой  ауданы, Құлсары қаласы, Ж.Таңқыбаев көшесі, ғимарат 33