"Қызғалдақ " бөбекжай- бақшасы  мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының тәрбиешісі

 

«Жылыой  ауданы білім бөлімі»мемлекеттік мекемесі мен «Жылой ауданы білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Қызғаладақ»  бөбекжай- бақшасы КМҚК арасындағы кадрлық саясатта меритократия қағидаларын бекіту жөніндегі  негіздемелік келісіміне сәйкес "Қызғалдақ"бөбекжай- бақшасы   мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны Тәрбиеші  қызметіне конкурс жариялайды:

 

Қажетті тәрбиеші саны-6(қазақ тілді топқа-4, орыс тілді топқа-2)

     

Конкурс өткізу мерзімі  "Қызғалдақ" бөбекжай- бақшасы  мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорныны осы хабарландыру жарияланғаннан кейін 15 күн өткен соң белгілейді.

    

Конкурс өткізілетін орны: инд  E19BOD7     Атырау облысы, Жылыой  ауданы, Қ.Қашаған №22, "Қызғалдақ " бөбекжай- бақшасы  мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны.

     

Мекеменің  мекен-жайы:  Атырау облысы, Жылыой  ауданы, Құлсары қаласы, Қ.Қашаған №22,

 

Тәрбиешісі лауазымына үміткерлерге қойылатын негізгі талаптар:

     

Лауазымдық міндеттері: Тәрбиеленушілердің (білім алушылардың)отбасылық жәй-күйін зерделейді және баспаналық-тұрмыстық жағдайын, жеке қабілеттілігін, балалардың қызығушылығы мен баланың жеке тұлға болып қалыптасуын психологтардың нұсқаулары бойынша (топтық және жекелей) дамыту-түзету жұмыстарын жоспарлайды және ұйымдастырады. Әлеуметтік-психологиялық оңалту, әлеуметтік және еңбекке бейімделу жағдайларын жасау үшін күнделікті жұмыстар жасайды. Білім алушылардың (тәрбиеленушілердің) күн тәртібінің, үй тапсырмаларының орындалуын, қоғамдық пайдалы еңбекке қатысуын ұйымдастырады. Қосымша білім алуда және демалысты ұйымдастыруда, оқытуда көмек көрсетеді, оларды қызығушылықтары бойынша біріктіретін көркем және ғылыми-техникалық шығармашылыққа,ағылшын тілі үйірмелерге тартады. Сабақтан тыс уақытта білім алушылармен (тәрбиеленушілермен) тәрбие жұмыстарын жүргізеді. Тәрбиеленушілердің (білім алушылардың) жас ерекшелігін ескере отырып,  өзіне-өзі қызмет көрсету, жеке гигена ережелерін сақтау жөнінде жұмысты ұйымдастырады. Медицина қызметкерлерімен тәрбиеленушілердің денсаулығын жақсарту мен сақтауды қамтамасыз етеді. Олардыңпсихофизикалық жетілуін қалыптастыратын іс-шаралар ұйымдастырады, балалардың оқу беру ұйымында сабақтан тыс уақыттағы өмірі мен денсаулығына жауапкершілік артады. тәрбиеленушілердің (білім алушылардың) басқа да заңды өкілдерімен қарым-қатынаста болады. Топтарға бөлінген мүліктердің, әдістемелік әдебиеттердің, құралдардың сақталуын қамтамасыз етеді, мүліктердің, оқу құрал-жабдықтары мен ойыншықтардың есебін жүргізеді. Тәрбиешінің көмекшісінің жұмысын басқарады.Білім беру ұйымының аға тәрбиешісінің лауазымдық міндеттері: тәрбиешілерге әдістемелік көмек көрсетеді, озық педагогикалық тәжірибелерді зерделейді таратуға көмектеседі,тәрбиешілердің біліктілігі арттыруға және олардың бастамаларын дамытуға ықпал етеді. Білім беру ұйымының кеңесімен  және балалар ұйымдарымен тығыз байланыста бола отырып, тәрбиеленушілермен жалпы –мәдени жұмыстаржүргізеді.                                                                                                                                    

      

Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Неке және отбасы туралы» Заңдарын және басқа білім беру мәселелері жөніндегі нормативтік құқықтық актілерін; мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын; педагогика, психология, жас ерекшелік физиологиясы мен гигиенасының негіздерін; тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесін; еңбек туралы заңнамалар негізін, еңбекті қорғау ережелері мен нормаларын, қауіпсіздік техникасы мен өрт қауіпсіздігі техникасын.

   

Біліктілікке қойылатын талаптар: тиісті педагогикалық мамандығы бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту,  техникалық және кәсіптік ( жоғары, арнаулы орта, кәсіптік орта) білім.

       

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлға конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген мерзімдерде комиссияға мынандай құжаттарды ұсынуы тиіс:

  1. Конкурсқа қатысу туралы өтініш;
  2. Мемлекеттік және орыс тілдерінде түйіндеме;
  3. Еркін нысанда жазылған өмірбаян;
  4. Білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
  5. Еңбек кітапшасының (ол болған кезде) немесе еңбек шартының көшірмесі не соңғы жұмыс орнынан жұмысқа қабылданғаны және еңбек шартының тоқтатылғаны туралы бұйрықтардың көшірмелері;
  6. Денсаулығы жөніндегі анықтама /086/У нысанында;
  7. Жеке куәлігінің немесе паспорттың көшірмесі;
  8. Уәкілетті органнан белгіленген тәртіппен соттылығы туралы анықтама.

 

Ұсынылған құжаттардың көшірмесі нотариалды куәландырылған болуы тиіс.

 

Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс өтіліне, кәсіби даярлық деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми жарияланымдар туралы құжаттардың көшірмелері, сондай-ақ бұрынғы жұмыс орнынан ұсынымдар) бере алады.

 

Конкурсқа мынадай тұлғалар қатыса алмайды:

  1. 18 жасқа толмаған;
  2. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығы барлар.

 

Конкурсқа қатысу туралы өтініштерді беру мерзімі:

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғалардың құжаттарын қабылдау бұқаралық ақпарат құралдарында конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап күнтізбелік он бес күн өткеннен кейін аяқталады.

 

Құжаттар мына мекен-жайға жіберілуі тиіс : инд 060100 : Атырау облысы, Жылыой  ауданы, Құлсары қаласы, К.Қашаған № 22үй.