Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы №122 «Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар мамандарды даярлауға, жоғары оқу орындарының дайындық бөлімдеріне, сондай-ақ мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға, орта білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидаларын бекіту туралы» бұйрығы негізінде Жылыой ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 07 қарашадағы №383 қаулысымен Жылыой ауданы бойынша жекеменшік мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін құрылған комиссияның 2018 жылы 5 желтоқсан күні сағат 10:00-де өткен отырысы хаттамасының шешімімен Мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылатын «Зейнеп, Амина және балапандар бөбекжай-балабақшасы» мектепке дейінгі ұйымдардың тізбесіне енгізілді.